Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды - видео
Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды - видео
244
оқылды

Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды. ТЖМ құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстады. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. "Аймаққа "Қазавиақұтқару" АҚ 2 тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалды. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, Полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүріп жатыр", - делінген хабарламада. Еске салайық, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті туристің алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. 28 мамырда үшеуі табылды, 29 мамырда екеуінің мәйіті табылды.