Өзін таныстырмаған әйел сот ғимаратына келіп, судья Ғабит Бастаубаевпен кездескісі келетінін айтқан. Алайда мамандар оған ішке кіруге рұқсат жоқ депті. Осыдан кейін ол ішінде сыйлығы бар пакетті судьяға табыстауды өтініп кетіп қалған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Күмән туғызған дорбаны ашуға жүрексінген мамандар жедел тергеу тобын шақыртқан. Дорбаның ішінен 300 мың теңге ақша мен қымбат иіссу табылды.
"Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова: «Жедел тергеу тобы пакетті ашып, оның ішінде 300 мың теңгемен бірге ақ қорап бар екенін анықтады. Қорапта жарылғыш заттың бар-жоғы тексерілді. Ақ қораптағы зат иіссу екені анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр", – деді.