130-ға жуық демалыс орнына туристер қабылдауға рұқсат берілді
130-ға жуық демалыс орнына туристер қабылдауға рұқсат берілді
114
оқылды
Алматы облысындағы 130-ға жуық демалыс орнына туристер қабылдап, жұмыс істей беруге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өңірдегі демалыс кешендерінің басым бөлігі Алакөл, Балқаш көлдері мен Қапшағай су қоймаларында орналасқан. Облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары су айдындары мен топырақтардан алған зертханалық сынамалар барлық санитария талаптарына сай болып шықты. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қалыптасқан санитарлық талаптарды сақтаудан бөлек, «Ашық» қосымшасы арқылы жұмыс істеу ұсынылып отыр. Бұл аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына және демалыс орындарының туристердің денсаулығын қадағалап отыруға мүмкіндік береді», – дейді Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегі баспасөз қызметінің өкілі Әлия Шағиахмет.