Дағдарысқа қарсы бөлінген қаржы қайда кетті?
Дағдарысқа қарсы бөлінген қаржы қайда кетті?
187
оқылды

Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржыны аудиторлық тек­серуден кейін бес қыл­мыс­тық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы министрлігі ха­барлады.

Министрліктің мәліметінше, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген 700 миллиардқа жуық теңгенің жұмсалуына қатысты тексеріс жүргізді. «Аудиторлық шаралар қо­рытындысы бойынша іс жүр­гізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 10,5 мил­лиард теңгеден астам қар­жыға 28 материал берілді, оның ішінде бес материал бойынша қылмыстық іс қоз­ғалды, қалған материалдар қарау және тергеу сатысында» делінген хабарламада. Бұған дейін Премьер-Ми­нистрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов 60 миллиард теңгеден астам қаржыны пай­далану бойынша заң бұзу дерегі анықталғанын айтқан еді.  

Мейірім ҚАЙРАТҚЫЗЫ