Әлем балалармен әдемі
Әлем балалармен әдемі
259
оқылды

Шымкент қаласындағы «Арбат» алаңында мерекеге орай «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы, әйел­дер мәселелері және бала­лардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес пен қалалық Мәдениет бас­қармасының ұйымдас­ты­руы­мен «Әлем балалармен әдемі» атты іс-шара өтті.

Бүлдіршіндерге арналған игі шараға арнайы қатысқан «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева өскелең ұрпақтың мем­лекет болашағын қалып­тастырудағы маңыздылығына айрықша тоқталып, жас буын­ның кемел келешегіне тілек­тестігін білдірді. – Бүгінде қаламызда 526 балабақша, 186 мектеп жұмыс істейді. Алдағы бес жылдың ішінде қаламызда 72 мектептің құрылысы жүргізілгелі отыр. Бұл 3 ауысымды мектептердің санын азайтып, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Балдырғандарымыздың дені сау, армандары асқақ, па­йым-парасаты биік тұлға болып қалыптаса беруіне «Nur Otan» партиясы әрдайым қолдау біл­діреді, – деді Жанар Әлібекқызы. Ол сонымен қатар аталған жиынның негізгі мақсаты – балалардың құқығын қорғау, ден­саулығын сақтау, оларға қоғам болып қолдау көрсету, са­палы білім алуына жағдай жасау және саналы ел азаматы болып қалыптасуына үлес қосу екенін атап өтті. Думанды шара барысында балаларға тәттілер үлестіріліп, сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ қуыршақтар театры арнайы сахналық қойылымдар қою ар­қылы балдырғандардың көңілін сергітіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Әбілмансұр ЖАСАН