Дауыл салдарынан 3 сауда орнының, 2 мектеп, 5 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, аулада тұрған автокөліктердің үстіне құлады.
Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалпы ғимараттардың 3223 шаршы метр шатыры ұшты. 6 автокөлікке зақым келді. 2016 жылы туған бала зардап шеккен.
Қаратау ауданы Нұрсат шағынауданында, Қызыл су, Испиджаб, Өтеміс, Сайрам, Шапырашты тұрғын алаптарында электр жарығы өшіп қалды.
Апат болған аудандарда Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 24 адам, 7 техника, «КазТрансГаз» АҚ Шымкент филиалының 3 қызметкері, 1 техникасы, «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС-нің 3 қызметкері, 1 техникасы, «Су ресурстар маркетинг» ЖШС-нің 70 қызметкері, 10 техникасы жұмыс атқарған.
Төтенше жағдайлар департаменті 1 маусымда қалада дауыл соғатынын халыққа алдын ала ескерткен. Желдің жылдамдығы секундына 26 метр болды.