Қызылорда облысы Арал ауданы тұрғындарын қуаңшылық қыспаққа алды. Аманөткел ауылына биыл жаңбыр жаумады. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Ауылға қыста қар да жаумаған. Сондықтан жерге көк шөп шықпаған. Қазір мал көтерем болған. Ауылда мал ішетін су да жоқ. Су іздеген төрт түлік Қамбаш көлінің маңайында батпаққа батып, арам өліп жатыр.
Аманөткел ауылының тұрғыны Мақсұт Ералиев: «Он шақтыдай майда көл бар, Қамбаш көлімен. Бәрі тартылып кеткен. Шөп шықпай қалған, қуаңшылық. Бұл жерде халықтың да, малдың да жағдайы нашар. Мал батпаққа батып, шетінен өліп жатыр. Су қайтып кетті, балықтарды да аулауға мүмкіншілік жоқ. Көлден иіс шығып кетті», – дейді.
Экологиялық апат туралы Facebook-та Уәлихан Жұмағұлов та оқиға орнынан қырылған малдың фотосын жариялады.
«Үкімет Арал ауданында төтенше жағыдай жариялау қажет. Тап бүгінде Құланды, жалпы Арал ауданы күйреу алдында тұр. Соңғы ақпарат бойынша қыста қар, көктемде жаңбыр жаумаған аймақтарда көк майса шөп шықпақ түгілі адыраспан көрінбейді.
Ұсақ мал қалмаған ауылда жұт ірі қараға жетті. Биыл қыстан аман шыққан мал жайылымда көк орнына топырақ жалап, ауылдың бұрандасына су ішуге жеткен кезде көтерем сиыр мен жылқы тұяғы тайып сазға батып, қырылып жатыр.
[caption id="attachment_142523" align="aligncenter" width="800"] Фото: Уәлихан Жұмағұловтың Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption]
Ауылдың дәрмені бар азаматтары мен қайратты келіншектер, бала-шаға арқан байлап ірі қара арам өлмесін деп батпақтан тұрғызуға жанталасқанымен, құлаған мал баудай қырылып кетіп жатыр», – деп жазды.
[caption id="attachment_142524" align="aligncenter" width="800"] Фото: Уәлихан Жұмағұловтың Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption]
https://youtu.be/rMk60SQQDTI