Ол белгісіз азаматшаның «мемлекеттен үй алып беремін» деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 700 000 теңгесін иемденіп кеткеніне шағымданды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Полицейлер Шымкент қаласында күдіктіні ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Полицейлер бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер алаяқтың құрбаны болсаңыз, полицияға арыз жазыңыз.