Оқиға кеше кешкі сағат 20:30 шамасында болған. Үйдің кіреберісінде 27 литрлік газ баллоны жарылған.
«Жарылыстан 55 жастағы үй иесінің 80 пайызын, 6 жасар қыздың денесінің 50 пайызын күйік шалған. Олар Жаңақорған аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді құтқарушылар.