Асхат Аймағамбетов: грант санын 2 есеге көбейттік
Асхат Аймағамбетов: грант санын 2 есеге көбейттік
230
оқылды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында соңғы 3 жылда 42 балалар үйі жабылып, тәрбиеленушінің саны 1969-ға азайғанын айтты.

– Республикада балалардың құқығын қорғау және олардың дамуына қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі шаралар қабылданған. Осы мәселе бойынша Президент тапсырмаларының шеңберінде жаңа заңнамалық нормалар қарастырылуда. 2 жыл ішінде ұлттық заңнамаға 83 жаңа түзетулер енгізілді. Соның ішінде 2020 жылдың өзінде балалардың құқығын қорғау үшін 22 нормативтік-құқықтық акт қабылданды, – деді министр.

Оның айтуынша, соңғы 10 жылда балалар үйінің саны 210-нан 96-ға дейін немесе 2 есе, ондағы тәрбиеленушілердің саны 3 есе азайған.

– Соңғы 3 жылда 42 балалар үйі жабылып, тәрбиеленушілердің саны 1969-ға азайды. Балалар үйлерінде арнайы қамқоршылық кеңесі құрылды. 18 балалар үйі балаларды қолдау орталықтарына бейімделді. Бала асырап алатын ата-аналарды міндетті түрде даярлықтан өткізуге “Бала асырап алшуылар мектебі” институты енгізілді. Өйткені балаларға білім беру тетіктерін дамыту маңызды. Сондықтан балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін арнайы педагогтерді дайындау бойынша соңғы жылы грант санын 2 есеге көбейттік, – деді Аймағамбетов.