Бейбіт Атамқұлов ақылы жолдарда жаңа тариф қашан енгізілетінін айтты
Бейбіт Атамқұлов ақылы жолдарда жаңа тариф қашан енгізілетінін айтты
218
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, жаңа тариф әзірге енгізілмейді.

«Тариф мәселесінде Қазақ жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары ауыр жүк көліктері үшін 38 теңгеден төлеуді ұсынған еді. Бірақ министрлік пен салалық ведомство бұл тарифті бекіткен жоқ. Қазір 2013 жылғы тариф қолданылып отыр. Жаңа тариф ақылы жолдардың тегіс учаскелеріне ғана енгізіледі», – деді министр.

Төлемақы жаңа учаскелерде де сақталады.

Қазір ақылы жолдарда тариф жеңіл автомобиль үшін 1 шақырымға – 1 теңге. Автобустар үшін бір шақырымға 5-15 теңге, ауыр жүк көлігінің иелері 5-25 теңге аралығында төлейді.