Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Обаған өзеніне екі баланың анасы батып кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«Балаларды қорғау күнінде әйел Құсмұрын кентіндегі достарымен бірге су қоймасында болған. Куәгерлердің айтуынша, спирттік ішімдіктер ішіп, соның салдарынан қайғылы оқиға болған. Азаматтардың суға шомылуға болмайтын жерде болғаны, сол арқылы өздеріне қауіп төндіргені және қайғылы оқиғаға ұшырағаны белгілі болды», - деп атап өтті ведомство.
Сол күні Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1990 жылы туған келіншекті жағадан төрт метр қашықтықта және екі метр тереңдіктен тапты.
«Іздеу кезінде сүңгуірлер бұл аймақта өзен түбінің рельефінің күрт көлбеуі бар екенін растады. Соңғы бес жылда аталған учаскеде қаза тапқандар болған жоқ», - деп хабарлады ТЖД.