Астролог маусымда қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты
Астролог маусымда қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты
194
оқылды
Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова маусымға болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Күрделі кезең

Астрологтың болжамынша, осы айда әлемде, геосаясатта күрделі кезең туады. Тұрақсыздық күшейіп, Үшінші дүниежүзілік соғыс туралы қауесет жиілейді. Жаңа қақтығыстар немесе бұрын шешілмеген проблемалар болуы мүмкін.
"Ірі державалар көптеген салада өз ықпалын күшейтуге ұмтылады. Әуе апаттарының жиілеуі, шекараны кесіп өту талаптарының қатаңдауы ғажап емес. Зілзала, табиғи апаттар болжанып отыр. Түркия, Израиль мен Палестина, Таяу Шығыс елдерінде жағдай ушығуы мүмкін", - деп ескертті Әбдірайымова.
Сонымен қатар, мұнай тасымалы, су көлігімен проблемалар туындайды. Өндіріс пен көлік саласында адамдардың алаңғасарлығынан төтенше жағдайлар болады. Бұл кезеңде қол жеткізілген уағдаластықтар кейін қайта қаралуы әбден мүмкін. Астролог бұл айда жолға шықпауға кеңес берді: құжат немесе билетті жоғалып алуыңыз мүмкін. Тіпті тоналып, алданып қалуыңыз ғажап емес. Ол туристік агенттіктер өз міндеттерін толығымен орындай алмай қалады деп есептейді. Десе де маусым – руханилық, шығармашылық, тұлғалық даму үшін жақсы кезең. Әбдірайымованың айтуынша, маусым айында бірнеше планета ретроградты қозғалыста болады. Соның әсерінен бұрын түйіні тарқамаған әлеуметтік түйткілдерді тез арада шешу қажеттілігі туады.

Жаппай наразылық

Астрологтың болжамынша, маусымның бірінші онкүндігінде адамдар көнбіс келеді. Жарнамаға, оңай жолмен ақша табуға, үлкен табысқа қызығып сан соғып қалуы мүмкін. Маман бұл күндері маңызды келіссөздер мен жиындарды жоспарламауға кеңес берді. Ақыл-ой жұмысы, емтихан тапсыру, инвестиция құю, медициналық тексеріс пен диагноз қою үшін де сәтсіз кезең.
"4 маусымда тым қатты оптимист болмаңыз, өйткені ертесіне белгілі бір себептермен берген уәдеңізді орындай алмауыңыз мүмкін. Мұның соңы қатыгездікке, жанжалға, мәселені күшпен шешуге әкеп соғуы ықтимал. 4, 5, 6 маусым күндері жаппай наразылық, тұрмыстық деңгейде қақтығыстар мен жанжалдар болады деп күтілуде", -деді ол.
Сонымен қатар бұл кезеңде қатаңдық, көнбеушілік, айтқанынан қайтпау және басқалардың пікірімен санаспау байқалады.

Оң өзгерістер

Әбдірайымова айдың 15 мен 20 аралығында туған Шаян, Тауешкі, Таразы, Тоқтыларға халық көп жүретін орындарға бармауды ескертті.
"10 маусымда Күн тұтылады. Астрономиялық құбылысқа Меркурий мен Нептун планеталарының энергиясы да тартылады. Бұл дегеніміз, жыл соңына дейін алдау, екіжүзділік, мұнай тасымалы үшін күрес, діни догмалар, мұнай және газ құбырымен, теңіз көлігімен апатты жағдайлар "тетігі" іске қосулы тұрады", - деп пайымдады жұлдызнамашы.
Ол маусым айы ақыл-ой жұмысы мен адамдармен араласуға, бұған дейін ұмыт қалған немесе шегерілген істерге қайта оралуға жақсы кезең екенін атап өтті. Сонымен қатар іс қағаздарын реттеуге, қате кеткен өкімнің күшін жоюға, жоғалғанды табуға, қарым-қатынасты қалпына келтіруге жақсы мүмкіндік. "Алайда өз біліміңді көрсетемін деп өкініп қалма. Айналадағы адамдар бұл әрекетіңізді дұрыс түсінбей қалуы мүмкін", - деп ескертті астролог. 12-13 маусым – шығармашылық өсу, жылы шырайлы кездесулер үшін таптырмас уақыт. Айдың екінші онкүндігі қиын болады, әсіресе, 2 мен 6 күндері аралығында туған Торпақ, Арыстан, Сарышаян, Суқұйғыштар үшін оңайға соқпайды, деді Әбдірайымова. Маман бұл кезеңде іштегі негатив эмоцияларды сыртқа шығарғаннан кейін, өміріңізде оң өзгерістер болуы мүмкін екенін болжады. Егер бүгінге дейін бірдеңені өзгертуге құлшыныс болмаса, қазір бүкіл проблеманы шешуге тура келеді. Мансап, бизнес, жылжымайтын мүлікпен проблемалар пайда болуы мүмкін. Кейбіреулері аяқ астынан қоныс аударса, енді бірінде заңмен қиындықтар туындайды.
"Достарыңыз сатқындық жасап, сүйіктіңіз көзге шөп салуы мүмкін. Айтарлықтай қиын кезең, бірақ "басы қатты болса, аяғы тәтті болады", - деді ол.
Сондай-ақ осы айда сапар, оқу, танымалдық, өзін-өзі дамыту, қаржы, кредит, құқықтық мәселелермен байланысты істер кейінге шегерілуі мүмкін. Бұл ретте Әбдірайымова кредит алған кезде өте абай болуға кеңес берді. Орындай алмайтын уәде бермеңіз, осы үшін ренжісіп қалуыңыз ғажап емес деді астролог. Маман маусым жаңа бастамаларға дайындалу үшін қолайлы кезең екенін атап өтті. Айдың 22-сі мен 24-і күндері аралығында туған Балық, Торпақ, Тауешкі, Сарышаян, Шаяндар үшін жаздың бірінші айы тосынсыйға толы болмақ.