Министрліктер мен ведомстволардың басшылары карантиндік шектеулерді ескере отырып, «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық бөлмесі алаңында азаматтарды жеке қабылдауды онлайн-форматта өткізеді.
Сонымен, 2 маусымда азаматтарды қабылдауды Энергетика вице-министрі Мұрат Жөребеков, 4 маусымда - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Марат Ахметжанов, 9 маусымда - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, сондай-ақ, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 10 маусымда - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, 11 маусымда - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова, 14 маусымда – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек, 16 маусымда - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, 18 маусымда - «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы – Абылай Мырзахметов, сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, 22 маусымда - Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев, 25 маусымда - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, 28 маусымда - Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов азаматтарды қабылдайды.
Кездесуге жазылу үшін:
Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
WhatsApp: 8 700 800 4441;
komek@nurotan.kz
Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш түскен. Сонымен қатар, соңғы 5 жыл ішінде партияға 1,2 миллион адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы - онлайн форматта. Оның 92%-ті оң шешімін тапты, ақысыз консультациялар, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді.
«Халыққа көмек» жобасы аясында Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен ақысыз консультативті онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Оған жоғарыда көрсетілген телефон нөмірлері арқылы жазылуға болады.