Елордада көңілдесін тонап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Олар ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген.
Соңғы кездесуде 35 жастағы әйел ер адамның үйінде ішімдік ішкен. Ер адам мас болып, ұйықтап қалған. Сол сәтте әйел оның қалтасынан 95 мың теңгесін алып, кетіп қалған.
Күдікті кінәсін мойындады. Қылмыстық іс қозғалды.