«Денис Тен түсіме жиі кіреді» – бостандыққа шыққан Жанар Толыбаева абақтыға қайта қамалды
«Денис Тен түсіме жиі кіреді» – бостандыққа шыққан Жанар Толыбаева абақтыға қайта қамалды
5,241
оқылды

Абақтыда отырған Жанар Толыбаева Sputnik Қазақстан-ға сұхбат берді.

«Мен туралы бүкіл Қазақстан білуі де мүмкін. Себебі, мен Денис Теннің ісі бойынша қылмысты біле тұра айтпағаным үшін отырмын. Сол үшін маған 4 жыл жазамды жалпы колонияда өтеуге берген болатын. Бірінші рет сұхбат беріп жатырмын. Бұған дейін сұхбат беруден бас тартып келдім. Бұл жолы сұхбат бергім келіп жатыр, себебі мені бір рет емес, бірнеше рет осы жерге қайтарып жатыр», – деді Толыбаева.

Айта кетейік, заңға сәйкес ауыр қылмыс үшін сотталған кез келген азамат жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтегеннен кейін қалған бөлігін жазаның едәуір жеңіл түріне ауыстыру туралы сотқа өтініш білдіре алады. 2019 жылдың желтоқсанында Толыбаева осы құқығын пайдаланған. Осылайша жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Алайда араға бір жыл үш ай салып оны қайтадан түрмеге қамады. Ол қазір баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

«Оның бәрі – осы колонияның сот алқасының қателігі. Себебі олар дәл уақытында марқұмның туыстарына менің сотқа өткізгенім туралы ешқандай ескерту жібермеген. Бір жыл үш айдан кейін қайтадан келіп отырмын. Бір жыл болған кезде бүкіл сайт «Толыбаева бостандыққа шықты, бір жыл болды» деп жаза бастады. Оған дейін ешкім ештеңе жазған жоқ болатын», – деді Толыбаева.

Ол сұхбатында абақтыдан шыққан соң Денис Теннің анасынан кешірім сұрайтынын айтады.

«Сол күннің (19 шілде 2018 жыл – ред.) әр сағат, әр секунды, әр минуты менің есімде. Мен шыққаннан кейін де түсіме жиі кіретін. Бұл жерге қайта келгенде де түсіме жиі кіріп, шошып оянатын күндерім болды», – дейді Жанар Толыбаева.

Бұған дейін Денис Теннің қазасына қатысты сотталушылардың бірі Жанар Толыбаеваның бостандыққа шыққаны туралы жазған болатынбыз.