Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Цемент импортына тыйым салатын бұйрықтың күшін жою қарастырылып жатыр, – деп жазады 24.kz.
Шетелге цементті сатпау туралы шешім отандық цемент өндірушілерді қолдау мақсатында алты айға енгізілген еді.
Бүгінде зауыттарда цементтің орташа бағасы қосымша құн салығын есептегенде – 22 400 теңге.
Бірақ цемент бағасын алыпсатарлар қымбаттатып отыр.
Қазақстанда 15 цемент зауыты жұмыс істейді. Олардың жылдық қуаты – 16,5 миллион тонна.
Бұған дейін құрылыс материалдарының бағасы қымбаттағанын жазған болатынбыз.