Қазақстанда өндірілген цементті шетелге сатуға рұқсат берілуі мүмкін
Қазақстанда өндірілген цементті шетелге сатуға рұқсат берілуі мүмкін
159
оқылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Цемент импортына тыйым салатын бұйрықтың күшін жою қарастырылып жатыр, – деп жазады 24.kz. Шетелге цементті сатпау туралы шешім отандық цемент өндірушілерді қолдау мақсатында алты айға енгізілген еді. Бүгінде зауыттарда цементтің орташа бағасы қосымша құн салығын есептегенде – 22 400 теңге. Бірақ цемент бағасын алыпсатарлар қымбаттатып отыр. Қазақстанда 15 цемент зауыты жұмыс істейді. Олардың жылдық қуаты – 16,5 миллион тонна.

Бұған дейін құрылыс материалдарының бағасы қымбаттағанын жазған болатынбыз.