Ұлттық Ғылым академиясының құрылғанына 75 жыл толды – видео
Ұлттық Ғылым академиясының құрылғанына 75 жыл толды – видео
634
оқылды

Ғылым академиясы 1946 жылы 1 маусымда құрылды. 1946 жылы Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті мемлекет қайраткері, әлемге танымал ғалым, қазақстандық геология мектебінің негізін қалаушы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев сайланды.

2011 жылдың 20 қазанында Қазақстанның ғылым қызметкерлері күні бекітілді. Бұл күн – Қ.Сәтпаевтың туған күніне орай 12 сәуірге белгіленген. https://youtu.be/Zj8uNiRnwWI   Елдегі ең ірі зияткерлік орталықтардың біріне айналған академия өзінің құрылған сәтінен бастап бай табиғи ресурстарды игеру бойынша күрделі зерттеулерді жандандырып, еліміздің өндіріс күштерінің дамуына, қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуының маңызды мәселелерінің шешілуіне үлкен үлес қосты. Ұлттық Ғылым академиясы әлемдегі ірі ғылыми ұйымдармен әріптестік байланыс орнатқан.