Қостанай облысы Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсады.VRK.News хабарлағандай, Қалыбек Жүгінісов сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген.
«ТоболИнфо» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 2 маусымда Боровской ауылында болған. Ол екі апта бойы үйқамақта болған, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.
Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген. 2 маусымда жұбайы Қостанайға кеткенде үйде жалғыз қалған шенеунік асылып қалған. Кешке туыстары оны өлі күйінде тауып алды.
Боровской ауылында Қалыбек Жүгінісовті жұрттың бәрі сыйлап, жақсы адам деп құрметтеген.