4 маусым күні сағат 16.00-де Ұлттық музейде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай халықаралық көрмелер мен симпозиумдарда елімізді танытып жүрген 30 танымал суретшінің «Тәуелсіздік көкжиегі» атты көрмесі өтеді.
Көрменің мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнерін шетелдерге насихаттап жүрген еліміздің әр аймағындағы танымал суретшілердің шығармашылығын дәріптеу. Көрмеде суретшілердің кескіндеме, графика және мүсін жанрындағы әртүрлі техникамен орындалған 60-тан астам туындысы экспозицияланады. Қылқалам шеберлері өз шығармашылығында Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен табиғатын таныстырады. Көрмеге Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, Мәдениет саласының үздіктері, Суретшілер одағының мүшелері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері, халықаралық кипрлық «Күміс кілт» симпозиумының және басқа да көптеген марапат иегерлері, сонымен қатар шетелдік, бүкілодақтық, республикалық және облыстық көрмелердің суретшілері қатысады.Айбике ЖАНАСЫЛ