Қазақстанның Ту, Елтаңба, Әнұран, Конституциясы Арктиканың болат қоймасында 5 ғасыр сақталатын болды

Қазақстанның Ту, Елтаңба, Әнұран, Конституциясы Арктиканың болат қоймасында 5 ғасыр сақталатын болды

Свалбард солтүстік полюске жақын орналасқан. Мұзды өлкеде бірнеше елдің ғылыми стансалары және телекоммуникация, метеорология, сейсмология, ғарыштық зерттеулер бағытындағы жоғары технологиялық объектілерде ғалымдар жұмыс істейді.

«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қоғамдық-саяси мен экономикалық салаларда кешенді реформалар жүзеге асырылуда. Халықаралық әріптестік те нығаюда. Біз Свалбардтың жетекші компанияларымен инвестициялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты талқылау үшін келдік», – деді Е.Ахинжанов.

Сапар аясында қазақстандық делегация тарихи мен мәдени маңызды құнды деректер, зияткерлік меншік және т.б. ақпараты бар цифрлық деректерді сақтайтын Дүниежүзілік Арктика мұрағатына (AWA) барды. Мұнда мәліметтер 500 жылдан астам қызмет ететін құрылғыларда, мәңгілік тоңдағы терең болат қоймада сақталады.   [caption id="attachment_143119" align="aligncenter" > Фото: іnform.kz[/caption]

Қазақстанның Ұлттық рәміздері күніне орай Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран, Конституция және 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» заңы бар ақпараттық файлдар аталған мұрағатқа орналастырылды.

[caption id="attachment_143120" align="aligncenter" > Фото: inform.kz[/caption] Файлдар Дүниежүзілік Арктика мұрағатын басқаратын Piql компаниясының арнайы технологиясымен алдын ала архивацияланған.

Біз бұған дейін Мақтааралдағы су тасқыны кезінде топан судан Мемлекеттік Туды алып шыққан полицей туралы жазған болатынбыз.