Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әр қазақстандықтың отаншылдық рухын асқақтатады -Тоқаев
Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әр қазақстандықтың отаншылдық рухын асқақтатады -Тоқаев
195
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. 
«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Бүгін Қазақстан халқы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтіп жатыр.