Бас санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды
Бас санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды
275
оқылды
Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері 2021 жылғы 30 сәуірдегі №19 қаулысына өзгеріс енгізді. Құжатта Қазақстанға Үдістаннан келген және соңғы 14 күн ішінде сонда болған адамдарды 14 күнге үйде оқшаулау керектігі айтылған.
«Үй карантиніне оқшаулау ПТР-тестің теріс нәтижесі бар анықтаманың және COVID-19-ға қарсы вакцинацияның болғанына қарамастан жүргізіледі» -, деп жазылған Қаулыда.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен, теміржолмен, транзитпен, теңіз және өзен көлігімен, авткөлікпен келетін адамдарға қатысты іс-шаралар тәртібіне де өзгеріс енгізілді. Келушілерді ертіп жүретін адамдарда мерзімі 3 күннен аспаған ПТР-анықтама болуы керек. Тек алып жүретін адамдарда анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ құжаттамалық растауды ұсынған кезде COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған азаматтарға анықтама ұсыну талап етілмейді.