Жаңа қаулымен банктер мен поштаның жұмыс уақыты өзгертілді
Жаңа қаулымен банктер мен поштаның жұмыс уақыты өзгертілді
119
оқылды

Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері жаңа қаулысымен күндізгі стационарда жоспарлы емделудің тәртібін бекітті.

Қаулыда ПТР-тестің 3 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжат ұсынылған жағдайда, босану кезінде серіктес болуға рұқсат берілетіні айтылған. Сондай-ақ күндізгі стационарларға қатысты мындай тәртіп енгізілді:
«Пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды стационарға (оның ішінде күндізгі стационарға) жоспарлы емдеуге жатқызу берілген күнінен бастап 5 тәуліктен аспайтын тестілеу нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжат болғанда жүзеге асырылады», - деп жазылған қаулыда.
Банктер, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін бекітілді. Қаулы 2021 жылғы 5 маусым сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.