Алматыда қызға шабуыл жасаған сәт видеоға түсіп қалған
Алматыда қызға шабуыл жасаған сәт видеоға түсіп қалған
127
оқылды
Алматыда ер адамның көшеде қызға шабуыл жасап, тонаған сәті видеоға түсіп қалды. Қалалық Полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Белгісіз ер адамның әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Кадрдан ер адамның көшеде келе жатқан қыздың қолына жармасып, затын тартып алғаны көрінеді. https://www.youtube.com/watch?v=rJqx_MIwEyY Полиция бұл деректі ҚР ҚК-ның 191-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатқанын айтты.
"Қылмыс бүгін таңертең жеке сектор аумағында болды. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушының жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр", – деді Алмалы аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.