Ақынға құрмет көрсетті
Ақынға құрмет көрсетті
362
оқылды

Қазақстанның рәміздер күніне орай «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, облыстық Мәдениет басқармасының, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан уни­верситетінің ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазу­шылар одағының мүшесі Алмас Сақпаевтың 60 жылдық мерейтойы өтті.

Іс-шараға «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Олег Чугунков облыстық филиалдың төрағасы, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының құттық­тау хатын оқып, ақынның иығына шапан жапты. – Сіздің жырларыңыздың көбі Отанын, елін, ұлтын, тілін сүюге, құрметтеуге арналған. Бүгінде елі­мізге кеңінен танымал «Көк Тудың желбірегені» деген тамаша өлеңіңіз барша қазақтың бойтұмарына ай­налды. Сізді 60 жылдық мерей­тойыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін, – деді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан об­лыс­тық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков. құрмет Кеш барысында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан уни­верситеті «Шабыт» театрының жастары ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, композициялық қойылым жасады. – Туған жерім, киелі Алтайдың төрінде бүгінгі еліміздің рәміздер күнінде мерейтойымды өткізуге мұрындық болған барша ұйым­дастырушыларға және оқырман­дарыма, жерлестеріме басымды иіп алғыс айтамын. Ақынын ар­дақ­таған, ақынын аялаған, ақы­нына сый-құрмет көрсетіп, көкке көтеріп жатқан жерлестеріме зор денсаулық, амандық тілеймін, – деді Алмас Сақпаев. Кездесуге Өскемен қаласының зиялы қауым өкілдері және жыр сүйер жастар қатысты.

Әбілмансұр ЖАСАН