«Бақытты отбасы» партиялық жобасы және Қазақстанның 2020-2021 жылдарға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасында Л.Есенғалиеваның төрағалығымен арнайы жұмыс тобының отырысы өтті.
Аталған жиынға «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары З.Есбергенова және Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Р.Утесбаева қатысты. Отырыстың мақсаты – қосалқы репродуктивтік технологияларды қолдана отырып, бедеулікті емдеу үшін медициналық ұйымдарға жіберуге пациенттерді іріктеу және арнайы квоталарды бөлуді талдау. Отырыс барысында депутат Р.Утесбаева арнайы квота бөлу жөніндегі мәселелері бойынша өз ұсынысын беріп, талқылады. Сонымен қатар отырыстан кейін партия төрағасының орынбасары З.Есбергенова және мәслихат депутаты Р.Утесбаева Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жаңадан тағайындалған басшының орынбасары А.Жмуровпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облыстық балалар емханасын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі талқыланып, ұсыныс берілді.Әбілмансұр ЖАСАН