Жанжал соңы атыспен аяқталды
Жанжал соңы атыспен аяқталды
194
оқылды

Алматы қаласы Полиция департаменті Түрксіб ауданында жолда екі ер адам ара­сында жанжал шығып, біреуі бұрышпен оқталған сигналдық тапаншаны қолдан­­ғанын хабарлады.

Департамент таратқан мәлімет бойынша, BMW көлігінің жүргізушісі мен Hyundai автокөлігінің жолаушысы арасындағы жанжал Бекмаханов-Спасская көшелерінің қиылысында болған. «Жанжал кезінде BMW жүргізушісі та­­паншаны алып, қарсыласына оқ атты. Мейлі, ол бұрышпен оқталған болса да, оқ атқан адамның әрекеті бұза­қылық деп есептеледі. Яғни, ҚР ҚК-нің 293-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағына жатады. Мұндай әрекет үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостан­дығынан айырылуы мүмкін», – деді Түрксіб аудандық По­лиция басқармасының өкілі Мақсат Қанапьяев. Осыдан кейін жедел-іздестіру шаралары ба­­рысында күдікті ұсталды. Ол – 1993 жылы туған Б. есімді азамат. Сигналдық тапанша тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына енгізілді.  

А.ЖОЛДАС