Экономикалық тергеу департаменті Шымкент қаласындағы 10 заңсыз ойын мекемесінің қызметін тоқтатты. Қаланың төрт тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Мәселенің мән-жайын Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесі бойынша мемлекет кірісіне 30-ға жуық бірлік ойын жабдығы берілді. 12 заңсыз ойын терминалы жойылды. Заңсыз схеманы ұйымдастырушылар сотталды. Қаржы мониторингі агенттігі заңсыз ойын бизнесін Қазақстан заңнамасында белгіленген орындардан тыс ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушылар үшін де, үй-жай иелері үшін де қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Сондықтан ел тұрғындарын үй-жай маңында ойын аппаратын немесе ойын мекемесін көрсе, агенттікке хабарласуға шақырады.А.ЖОЛДАС