Елорда көшелеріне 7 500 камера орнатылады
Елорда көшелеріне 7 500 камера орнатылады
116
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің хабар­­лауынша, «Қауіпсіз қала» жобасы ая­сында 7 500 бейнебақылау камерасы орнатылады.

Қазір қалада пилоттық жоба ретінде 1 100-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Бей­­некамераларды мекенжайлар мен нысандарға орнату аудан әкімдіктері мен Нұр-Сұлтан қала­сының Полиция департаменті ұсынған тізім бойынша жүргізіледі. «Тәжірибе көрсетіп отырғандай, күн санап дамып жатқан әлемде құқықбұзушылықтың алдын алу ісіне ден қою қажет. Бейнебақылау камера­­­ла­рына иелік ету Жедел басқару орталығына (ЖБО) және Нұр-Сұлтан қаласының Полиция депар­­таментіне берілді. Онда операторлар кезек­­шілік етеді. Олар оқиға болған бетте осы аудандағы по­ли­ция қызметкерлеріне дереу хабар береді», – деді Цифрландыру басқарма­­сы­ның басшысы Ботагөз Қасабек. «Қауіпсіз қала» жобасы біріктірілген бей­­­нетіркеу жүйесі. Деректерді өңдеу жүйесі әртүрлі жағдайда тиімді жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқа, жоба қа­ланың тыныс-тіршілігіне анализ жүргізуді ав­томаттандыруға, сондай-ақ соның негізінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бейнекамералар тәулік бойы қосулы болады. «Қауіпсіз қала» жобасы іске қосылған сәттен бастап оң нәтиже байқалады. Мәселен, 2021 жыл­дың бірінші тоқсанында қылмыстың ашылуы жақ­­сарды. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 53% (8 502-ден 4 000-ға дейін), көшелерде жасалған қылмыстардың саны 48,2% (3 381-ден 1 752-ге дейін) азайды. 2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 30% төмендеді.

А.АЙДАРҚЫЗЫ