Қуаңшылықпен күресуге ақша бөлінді
Қуаңшылықпен күресуге ақша бөлінді
322
оқылды

Биыл Маңғыстау облысындағы қуаңшылық шаруаларға соққы болып тиді. Бұл мәселені шешу үшін өңір қазынасынан 200 млн теңге бөлінген.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұловтың айтуынша, шілде айынан бастап 5 ауданға азық сатып алынады. «Келесі айдан бастап жыл соңына дейін Маңғыстау облысының 5 ауданына 2 200 тонна азық сатып алынады. Бөлінген қаржы «Каспий» ӘКК арқылы игеріледі. Ал көрші өңірлердің жекеменшік иелері 15 маусымнан бастап шөп жеткізуге дайын», – деді ол. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша шаруа қожалықтары үшін жемшөп дайындау науқаны жедел басталған. Аймақ әкімдігі Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарымен жемшөп жеткізу, сондай-ақ жайылымдар мен шабындықтарды пайдалану жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Ақтөбе облысының аудандарымен келісімдер бар. Олар – Ақтөбе облысының Алға, Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Қобда, Темір аудандары. Бұған дейін әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында жайылымда жүрген жылқылардың суреті талқыға түсті. Құр сүйегі қалған жылқыларды көріп жұрт жағасын ұстаған-ды.

Айбике ЖАНАСЫЛ