Жеті жасар бала суға батқан әкесі мен қарындасын құтқарып қалды
Жеті жасар бала суға батқан әкесі мен қарындасын құтқарып қалды
203
оқылды

Флоридада 7 жасар Чейз өзен ағызып әкеткен әкесі мен қарындасын құтқарды. Ол адамдарды көмекке шақыру үшін жағаға дейін бір сағат бойы жүзген, - деп хабарлайды CNN басылымы.

Стивен сол күні екі баласымен бірге Джексонвиллдегі Сент-Джонс өзеніне шомылуға барады. Бірде қызы Эбигейл қайықтан құлап, Чейз оны құтқару үшін суға секіреді. Алайда екеуі де ағысқа төтеп бере алмай өзен ағысымен ағып кетеді. Ер адам қызын құтқару үшін суға секіріп, ұлынан жағаға қарай жүзуді өтінеді.
«Сол сәтте жағдайымыздың қалай болатынын білмедім. Сол себепті «Сені жақсы көремін» деп айттым. Екеуін де ұстап тұруға тырысқан едім. Бірақ ағыс қатты болып, әлім жетпеді. Қызым барған сайын бізден алыстап бара жатты», — деді Стивен.
Чейз шаршап қалмау үшін суға шалқасынан жатып жүзген. Нәтижесінде ол жағаға бір сағатта жетті. Құтқарушылар қайықты тапқан кезде оның жанында ешкім болмаған. Сол себепті тағы да көмекке адамдар шақырып, іздестіру жұмыстарын кеңейтуге тура келді. Кейін Стивен мен Эбигейл қайықтан 2,5-3 километр жерден табылды.