Қазақстан AstraZeneca вакцинасынан бас тартты
Қазақстан AstraZeneca вакцинасынан бас тартты
220
оқылды

«СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевтің айтуынша, ағылшын-швед вакцинасы төңірегінде теріс ақпараттың көбейіп кетуіне байланысты келіссөз тоқтатылған, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Дегенмен Есқалиевтің сөзінше, шетелдік вакциналардың ішінде Pfizer-BioNTech, Johnson & Johnson және Moderna вакциналарының өндірушілерімен келіссөздер әлі жалғасып жатыр.
«Дәрі-дәрмектің бірыңғай дистрибьюторында одан өзге ақпарат жоқ», — дейді басқарма төрағасы.
Бүгінде елімізде коронавирусқа қарсы 4 түрлі вакцина қолданылып келеді;
  1. «Спутник V»;
  2. QazVac;
  3. Біріккен Араб Әмірліктерінде қытайлық «Синофарм» компаниясы жасаған «Hayat Vax»;
  4. Қытайлық CoronaVac («Синовак» өнімі). 500 мың дозалық алғашқы партиясы жақында Алматыға жеткізілген болатын.
Еске салсақ, Жамбылда вакцинаның үйде салынып жатқаны туралы хабарлаған едік. Мұндай шешім Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 23 Қаулысына сәйкес қолға алынып, мүмкіндігі шектеулі жандарға екпе егу үйде жүргізілуде. Сондай-ақ үйден вакцинаны егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар азаматтар алуда.