Қарағанды облысында әйел мен оның үш баласына пәтер берілді. Мадина Аманбаева есімді келіншек 22 жыл бойы құлдықта болған, деп хабарлайды «Бесінші арна».
Мадина Аманбаеваның айтуынша, өзін 16 жасында бейтаныс адамдар алдап, Қарағанды облысында құлдықта ұстаған. Сол жерде оны ауыр жұмысқа салып, зорлаған.
22 жылдан кейін әйелді «Қайсар» қорының белсенділері босатып алды. Әйел адам олардан өзіне көмектесуді өтінген. Сондай-ақ, оның құлдықта жүріп үш бала босанғаны анықталды. Алайда нәрестелерін ферма иесі тартып алып отырған.
Әйелді күң ретінде пайдалану туралы іс 5 рет жабылған. Қазір алтыншы рет іс қозғалып жатыр.
Мадина Аманабаеваға екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етіліпті.