Құтқарушылар Түркістан облысы Біркөлік тауында адасып кеткен үш туристі эвакуациялады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
6 маусым күні сағат 15:40 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданының «101» қызметінің басқару пультіне азамат Ж.Тәжімұратовтан хабар келіп түскен.
Демалушылар 3 адам болған, олар - 1994, 1994 және 1993 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғындары. Туристер Біркөлік шатқалы бағытындағы сарқырамаға дейін барып, адасып кеткен.
16:33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиаспас» АҚ Mi-8AMT UP-MI871 тікұшағы аттанды.
https://www.youtube.com/watch?v=Rqj4efFJSKs
Іздеу жұмыстары кезінде үш адам да табылып, құтқарылды.