Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады.
10 маусымда Қазақстанның орталығы мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады.
Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстікте ауа температурасы төмендейді.
Түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін суытады. Күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады.