Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асқар Тәженов айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанда ішімдік ішіп, көлік жүргізген жүргізушілер 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.«Биыл 5 айда мас күйде көлік жүргізгені үшін 8,5 мыңнан астам жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты. Бұл полицейлер бір күнде шамамен 70 мас жүргізушіні ұстайтынын білдіреді», – деді Асқар Тәженов.