«Дронмен малды да бағамын, барымташыларды да түсіріп аламын»
«Дронмен малды да бағамын, барымташыларды да түсіріп аламын»
365
оқылды

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі азамат төрт түлігін дронмен бағуда. 60 жасар тұрғын мүгедектігіне қарамай мал шаруашылығымен айналысып, оған соңғы технологияның мүмкіндігін қолдануда.

– Арнайы қондырылған чиптің көмегімен мен әр малдың қайда жүргенін біле аламын. Сондай-ақ қасына ит-құс жақындаса дрон арқылы бәрін көруге, тіпті жыртқышты үркітіп қуып жіберуіме мүмкіндігім бар. Қазір дронмен мал бағуды 15 жасар балама үйретіп жатырмын. Қондырғы арқылы мал үйден 5-6 шақырым ұзап кетсе де қайтару қиын емес. Сондай-ақ, барымташылар малға түсіп жатса да, төбесінен бәрін видеоға түсіріп аламын, – дейді Гаухарбек Шонтаев. Оның айтуынша дрон арқылы малды түнде де бақылауға болады екен. Сондықтан ол төрт түлігін түн мезгілінде де бос жіберуге қорықпайды. Шаруа бұл арқылы малшы жалдаудан құтылып, қазір ақшасы үнемделіп қалғанын айтады.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы