Еріктілер көпбалалы отбасына көмектесіп, үйін салып берді
Еріктілер көпбалалы отбасына көмектесіп, үйін салып берді
238
оқылды

Маңғыстау облысында еріктілер көпбалалы отбасының ескі үйін жөндеп берді.

Құлағалы тұрған үйде тұру қиын. Оның үстіне, бес баланың анасы Ирина Маринконың сыз тартқан аядай үйінде жылу мен су болмаған. Содан ақтаулық еріктілер көптің көмегімен қаражат жинап, бас-аяғы бір жарым айда баспанасын жаңартып, көгілдір отын жүргізіп, жылыту пешін орнатты. Су құбырын тартып, жуынатын бөлме салды. Үй жиһазын түгел алып берді. Сондай-ақ олар баласының біріне квотамен операция жасауға көмектескен. «Бұл үйдің құжаттарын реттедік. Газ қойдырдық. Осындай істі атқарғанымызға өте қуаныштымыз» - дейді ерікті Ілгек Бабаева.

– Маған көмектескен жандарға алғысым шексіз. Қатты толқып тұрмын. Отбасыма қуаныш сыйлаған баршаңа рақмет. Қызыма да ота сәтті жасалды. Жомарт жандардың әлі де бар екеніне қуаныштымын. Жақсылықтарыңыз еселеп қайтсын, - деді көпбалалы ана Ирина Маринко.