Шенеуніктер субсидияға бөлінген қаржыны ұрлауға неге құмар?
Шенеуніктер субсидияға бөлінген қаржыны ұрлауға неге құмар?
231
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі V республикалық форумында күтпеген мәлімдеме жасады. Ол Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар мен дотациялар беру саласындағы тәуекел аймақтарына жүргізілген талдауларды айта келе, көп ұрлық субсидияға қатысты орын алғанын жеткізді.

«5 жыл ішінде субсидиялауға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы бойынша қозғалған қылмыстық істің жартысынан көбі, яғни 54 пайызы субсидия ұрлауға қатысты», – деді төраға. Еске сала кетсек, жуырда ғана Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл шаруашылығына бағытталған субсидиялардың игерілмей жатқанын айтып, аудан әкімдерінің жұмысын сынға алған болатын.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы