7 маусымда 9:32-де Call центр орталығына Атырау қаласының Огородная көшесіндегі екіқабатты ескі тұрғын үйдің төбесінен бір жігіттің секірейін деп тұрғаны жөнінде хабар түсті.
Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 9 сағат 41 минутта шақырту орнына жетіп, екіқабатты ескі қараусыз тұрған үйдің төбесінен масаң күйінде секірмекші болған 2004 жылғы азаматты альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен аман-есен жерге түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 1 техника, жеке құрамның 4 қызметкері жұмылдырылды.