Қостанайда түнгі клуб жанында төрт адам жанжалдасып, жараланған үшеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Оқыс оқиға қаланың орталық көшесінде таңғы алты шамасында болған. Сол маңда болған куәгерлер атыс дыбысын естігенін айтады. Бірақ төбелесті тоқтатып, бұзақыларды ұстаған полиция ешкімнің оқ атпағанын айтып отыр. Ауруханаға жеткізілген үш адамның бірінің иық және кеуде тұсына, екіншісінің жамбасына пышақ кірген. Ал үшіншісінің жағы сыныпты.
https://www.youtube.com/watch?v=gwdfNFp0Pcw
"Тергеу барысында жас жігіттердің бір бойжеткен үшін сөзге келгені анықталды. Оның соңы төбелеске ұласты. Жанжалға қасындағы достары да қосылған. Ауруханаға жеткізілгендердің жарақатында атыстан зардап шеккен белгілер жоқ", – дейді қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ерболат Мырзатаев.