1 949 өтініштің 90 пайызы орындалды
1 949 өтініштің 90 пайызы орындалды
209
оқылды

«Nur Otan» партиясының Бөрлі аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесіне Батыс Қазақстан облысы Ақсай қа­ласының тұрғыны 30-бағыт­тағы автобустың санын кө­бей­туді сұрап хабарласты. Өйткені автобусқа адамдар сый­май қалып, келесі авто­бусты бірнеше сағат күтуге мәжбүр болып жүр. Көліктік компаниялары алдында осы мәселені көтерген Бөрлі ау­дан­дық мәслихатының депу­таты Нұрия Муфтеева­ның араласуынан кейін аталған бағытқа қосымша автобустар берілді.

Сонымен қатар Сырым аудан­дық мәслихатының депутаты Шынар Дүйсенғалиеваға Түрік­менстан Республикасының ту­масы, зейнеткер жүгініп, тұрғы­лық­ты мекенжайға тіркелу мәсе­лесі бойынша көмек сұрады. Бұл кісі денсаулығына байланысты шетелдерге шыға алмайды. Қазір Қазақстанда туыстарымен тұра­тын Роза Тұрлыбекова зейнетақы рәсімдей алмай жүр. Мәселені шешу үшін «Nur Otan» депутаты Нұр-Сұлтан қала­сына арнайы барып, Түрік­менстан Республикасының ел­шілігіне хабарласып, құжаттарды алып, олар­ды аудандық көші-қон поли­циясында рәсімдеді. 13 ма­мыр күні өтініш берушінің барлық құ­жат­тарына қол қойылып, ау­дан­дық көші-қон полициясында тіркелді. Қалалық филиалдың қоғам­дық қабылдау бөлмесіне «Бикард» ҒӨ-да 1991 жылдан 1994 жылға дейін жұмыс істеген Орал қала­сының тұрғындары хабарласты. Бұл кісілер еңбек кітапшасында ҚазССР мөрі басылғанына бай­ланысты 4 жылы еңбек өтілі ре­тінде есептелмеген. Олар осында жұмыс істеген жылдарын растай­тын анықтама алуға көмектесуді сұрады. Бұл мәселені қалалық мәслихат депутаты Светлана Бахишева шешуге көмектесті. Жалпы, 2021 жылдың басынан бері БҚО-ның қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1 949 өтініш келіп түсті, оның 38%-ы оң шешімін тапты, 61%-ына түсініктеме берілді және 1%-ы орындалып жатыр.

Әбілмансұр ЖАСАН