Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирін жеңіспен бастады.
Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Т.Скатов алғашқы айналымда осы жарыстың 2019 жылғы жеңімпазы, әлемнің 178-інші, турнирдің 5-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен кездесті. Бірінші партияда 20 жастағы қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4 есебімен жеңді. Екінші партияда италиялық спортшы есе қайырды. Есеп – 6:3. Шешуші үшінші сетте Скатов 4:0 есебімен алға шығып, есеп айырмасын еселей білді. Кездесу соңына дейін отандасымыз осы басымдылығын оңтайлы пайдаланды. Қорытынды есеп – 6:2. Тартысты бәсеке 2 сағат 54 минутқа созылды. Енді Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 292-ракеткасы, тағы бір италиялық Риккардо Бонадио немесе рейтингте 385-сатыдағы отандасы Денис Евсеевтің біреуімен шеберлік байқасады. Айта кетейік, Алматы челленджер турнирі 13 маусымда аяқталады.Әбілмансұр ЖАСАН