«Қазгидрометтің» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде оңтүстіктен келген циклон әсерінен жаңбыр жауады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жамбыл, Түркістан облысында найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысында дауыл, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.