Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды
Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды
180
оқылды
Парламент Мәжілісі төрағасының бұрынғы орынбасары Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі республикалық орталық штабында жаңа қызметке кірісті.
2021 жылдың 1 маусымынан бастап Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі Республикалық орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ) бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1971 жылы Владимир Божко Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК Жоғары курстарын бітірді. Мамандығы - "Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру"; "Операциялық құрам". Бұған дейін әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде жетекші қызметтер атқарды. Генерал-лейтенант шені бар. 2007-2014 жылдар аралығында Владимир Божко Төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып сайланды. Отан алдындағы ерекше қызметі үшін ол I дәрежелі "Барыс", II дәрежелі "Айбын" ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасының және шет елдердің 43 медалімен марапатталған.