Жастар арасында бодибилдингке қызығушылық артты
Жастар арасында бодибилдингке қызығушылық артты
458
оқылды

Әлемнің 148 елі кірген Дүниежүзілік бодибилдинг және жеңіл атлетика федерациясының (WBPF) ұсынуымен 4-5 маусым аралығында республикалық бодибилдинг және фитнес федерациясы Қазақстанның кезекті чемпионатын өткізді. Нәтижесінде ең мықты спортшылар мен фитнес модельдері Азия мен Әлем чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алды.

[caption id="attachment_144223" align="alignnone" width="1024"]бодибилдинг ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Өкінішке қарай, шекарадан өту барысында тиісті құжаттарды уақтылы рәсімдей алмаған Орталық Азия елдерінен шақырылған спортшылар сайысқа қатыса алмады. Соған қарамастан жарыс сәтті өтті. Өйткені жиналғандардың қолдап-қолпаштауы арқасында  халықтың мұндай жарысты сағынғанын көрсетті. Турнирдің салтанатты ашылуында Федерация басшылығы бодибилдинг пен мас-рестлигаға қосқан үлесі әрі жетістігі үшін үздік жаттықтырушыларды, спортшыларды құрмет грамоталарымен марапаттады. бодибилдинг Республикалық Бодибилдинг федерациясының бас хатшысы және мас-рестлига және стронг-менаның ұлттық қауымдастығының президенті Талап Иматалиев спорттың пандемия кезінде дертпен күресуге көмектескенін тілге тиек етті. бодибилдинг Сонымен қатар ол жастарды спортпен белсенді айналысуға шақырды. Салтанатты ашылудың ресми бөлімінен кейін чемпионат 12-15 жас аралығындағы жас жігіттер арасында басталды. бодибилдинг – Осы жолғы сайысқа қатысушылардың 90 пайызы алғаш қатысып отыр. Осыған қарап, спорттың бұл түрі жастар арасында қызығушылыған жоғалтпағанын көрсетеді, –  дейді Талап Иматалиев. бодибилдинг Ал турнирдің жеңімпаздары ерлер-физиктер санатында Ұшқын Сағатбек Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды. Әйелдер арасында жеңімпаз Лина Панова болды. бодибилдинг Негізі, жеңімпаздардың басым бөлігі Алматыдан болса, екінші орынды Қарағанды облысы иеленді. Ал үштікті Ақтөбе облысының спортшылары жапты.