СҚО тұрғыны жарылғыш заттар жасаған
СҚО тұрғыны жарылғыш заттар жасаған
204
оқылды
СҚО-да 63 жастағы ауыл тұрғынынан полицейлер қолдан жасалған жарылғыш заттарды тапты. Полицейлер ер адамның үйінен пышақ пен жарылғышқа ұқсас тұтатқышы бар металл түтіктерді тәркіледі. Ауыл тұрғынының үйін тексеру кезінде жарылғыш құрылғыны жасауда қолданылатын заттар, патрондар мен қолдан жасалған екі граната табылды. Сараптама қолдан жасалған граната түріндегі бұл жарылғыш құрылғылардың жарылу әсері бар жауынгерлік қару-жарақтарға жататынын растады.
«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді Шал ақын аудандық полиция бөлімінің басшысы Руслан Мұхамбетжанов.
Аудандық сот күдіктіні қамауға алуға санкция берген.