Қарағандыда базарда ер адамның неден қайтыс болғаны белгілі болды.
Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі 9 маусымда Горняк аялдамасынан 33 жастағы ер адамның мәйіті табылуына байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 306-бабы, "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды өндіру, сату немесе қызметтер көрсету" бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
"Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің электр тоғының әсерінен қайтыс болғанын анықтады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізуде", - делінген хабарламада.
6 маусымда дәл осы маңнан 36 жастағы әйелдің денесі табылған болатын. Сот-медициналық сараптама оның өліміне жүрек ауруы - "кеңейтілген кардиомиопатия" себеп болған деген қорытынды шығарды.
"Сондықтан ол әйел де электр тоғы соғып қайтыс болды деген болжамдар мен қауесеттерге негіз жоқ", - делінген хабарламада.